Елдің азаматы ретінде дауыс беремін - Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек

16.11.2022 в 01:43

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек ел азаматы ретінде дауыс беретінін айтты.

«Елдің, ұрпақ болашағы ертеңгі күні әрқайсымыздың беретін даусымызға байланысты болмақ. Мен міндетті түрде елдің азаматы ретінде барып, дауыс беремін», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.


Теги: сайлау