Жастардың сайлауға қатысуы өте маңызды – Нұрсұлтан Бекқайыров
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Жастардың сайлауға қатысуы өте маңызды». Осылай деген Қазақстан волонтерлар лигасының төрағасы Нұрсұлтан Бекқайыров елді белсенді болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Сайлау жүйесінің өзгеруі маған ұнады. Әсіресе оның ішінде кандидаттарды өзің таңдау. Яғни, бұл дегеніміз ешқандай кандидат көңілімнен шықпайды немесе бәріне қарсымын деген бөлімнің пайда болуы. Қазір елімізде адам құқықтарының саяси дамуына осындай қадамдар жасалып келе жатыр. Сондықтан жастардың алдағы сайлауға қатысуы өте маңызды. Себебі, әрқайсысының таңдауы, еліміздің дамуына үлкен үлесін қосады. Сол үшін барлығымыз сайлауға белсенді атсалысуымыз қажет», – деді Қазақстан волонтерлар лигасының төрағасы Нұрсұлтан Бекқайыров.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
14.09.2026 13:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
14.09.2026 17:05
15 қыркүйекке арналған валюта бағамы
15.09.2026 09:04
14 қыркүйекке арналған валюта бағамы
14.09.2026 09:00
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
14.09.2026 11:13