Өзгерістерді саяси жүйеге енгізу үшін сайлау қажет - Шыңғыс Нұрланов

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Саяси бастамалар өз нәтижесін беруі керек. Ал ол үшін бірізді, жүйеленген реформа қажет. Азаматтардың алдағы Президент сайлауына қатысып, таңдау жасауы да осы маңызды шешімнің алғышарты болмақ. «Жалпыреспубликалық науқанға жастардың да белсенді атсалысқаны маңызды» дейді университет мамандары. Өйткені, бүгінгі саяси шешім - елдің ертеңі. 

 

«Президенттік сайлауды мен осы соңғы 2-3 жылда болып жатқан өзгерістердің легі деп білемін. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, жазда біз референдум өткіздік. Онда Конституцияға біршама өзгерістер енді. Енді сол өзгерістерді саяси жүйеге енгізу үшін бізге президенттік сайлау қажет. Менің ойымша, халық өз сөзін айтуы тиіс, пікірін білдіру керек», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры Шыңғыс Нұрланов.

Новости партнеров