Парламенттің жаңаруы елімізге өзгеріс әкеледі

Almaty.tv
Almaty.tv
Ерлан Қошанов пен Жигули Дайрабаев дауыс берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Парламенттің жаңаруы елімізге өзгеріс алып келеді». Бүгін көппен бірге сайлауға барып, өз таңдауын жасаған AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді.  Ол Астанадағы №110 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Артынша тілшілер сауалына жауап беріп, саяси науқанға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Министрлер Кабинетіне енді жаңа адамдардың келуі әбден мүмкін.

«Мен сіздерге қазір нақты қанша пайыз жаңаратынын айта алмаймын. Бірақ, лайықты мемлекетімізге адал қызмет ететін, өзінің саласына нақты жауап бере алатын, сол саланы ары қарай жүргізуге ықпал ететін, мүмкіндік жасайтын азаматтар келеді деп сенемін», – деді AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов.

«Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына ұсынылған Жигули Дайрабаев та таңдауын жасады. Ол сайлауға немересін ерте келіпті. Дауыс беріп болған соң, саяси науқан жайлы тілшілер сауалына жауап берді. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы әділ өтетініне сенімді екенін жеткізді.

«Бүгін –  мемлекетімізде мереке. 12 миллионнан астам Қазақстан халқы өз таңдауын жасап, болашаққа бағдарын анықтпады. Бүгін 396 учаскеге келіп, азаматтық борышымды өтедім», – деді  «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев.




Новости партнеров