|
19.03.2023 | 20:21
2403

Бұл сайлау сөзсіз еркін өтті – Ресей Федерациясының бақылаушылары

Миссия құрамы Алматыдағы 10 сайлау учаскесін аралап шықты

Бұл сайлау сөзсіз еркін өтті – Ресей Федерациясының бақылаушылары фото из РСК

Ресей Федерациясынан келген байқаушылар Алматыдағы сайлауға жоғары деігейде дайындалғанын атап өтті, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Миссия құрамы Алматыдағы 10 сайлау учаскесін аралап шықты.

«Біздің миссия тағайындалған күннен бастап сайлау барысын жіті бақылап отырды. Біз сайлау комиссиялары мен сайлаушылардың бұл науқанға қаншалықты дайын екенін көрдік. 10-нан астам учаскелерді араладық. Осынша мөлшердегі тәуелсіз, ішкі қазақстандық байқаушыларды көптен бері барлық сайлау учаскелерінен көрмеген едік. Ең азы 9 адам, бір учаскеде 25 адам болды. Бұл тек партиялардан, кандидаттар атынан  болған байқаушылар», - деді Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулдығының консул-кеңесшісі Артем Оганов.

Сайлау барысына МГИМО (РФ) халықаралық зерттеулер институты Еуроазиаттық зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері Князев Александр Алексеевич жоғары баға берді. Сарапшы дауыс беру қорытындысы сайлау барысынан әлдеқайда маңызды деген пікір білдірді.

«Менің ойымша, сайлаудың өзінен де маңыздысы – оның нәтижесі. Бұл Парламенттің жаңа палатасын құру, оның құрамы бұрынғысына қарағанда Қазақстан Президенті жүргізіп жатқан реформаларға көбірек сәйкес келеді», - деді ол.

Сарапшылардың ойы бір жерден шығып, олар сайлау үдерісінің ашықтығын және сайлау комиссияларының біліктілігінің жоғары деңгейін атап өтті. Спикерлер сонымен қатар кедергісіз ортасы бар сайлау учаскелерінің барына да  назар аударды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир