|
12.01.2021 | 17:55
3476

«Ақ жол» партиясынан Мәжіліс депутаттары белгілі болды

«Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат

«Ақ жол» партиясынан Мәжіліс депутаттары белгілі болды ашық дереккөзден

 «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Орталық кеңесінің пленумы өтіп, онда 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары сайлауының қорытындысы талқыланды. Сонымен қатар депутаттар мандаты бөлінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен аталған партия пленумының бірауызды шешімімен мына кандидаттар Мәжіліс депутаты мандатын иеленді: 

1. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы 

2. Әбілдаев Азамат Рахатұлы 

3. Барлыбаев Ерлан Хайланұлы 

4. Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы 

5. Ерубаев Серік Сәрсенұлы 

6. Еспаева Дәния Мәдиқызы 

7. Жұмабаева Айгүл Қызырқызы 

8. Иса Қазыбек Жарылқасынұлы 

9. Линник Андрей Григорьевич 

10. Өмірғали Ерлік Хайдарұлы 

11. Раманқұлов Мақсат Базаралыұлы 

12. Сембинов Азат Талғатұлы 

Естеріңізге сала кетсек, ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша Мәжілістегі депутаттық манданттар былай бөлінді: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир