|
11.01.2021 | 22:29
2886

Өрескел заңбұзушылықтар анықталмады – Бигелді Ғабдуллин

Сайлау ережесінің бұзылғаны туралы мәліметтер дереу арнайы орган қызметкерлеріне жеткізілген

Өрескел заңбұзушылықтар анықталмады – Бигелді Ғабдуллин Almaty.tv

Парламент Мәжілісі мәслихат депутаттарының сайлауында ел бойынша 500 заңбұзушылық анықталып, 76 акт толтырылған. Бұл туралы TAZA SAILAU тәуелсіз байқаушылар қозғалысының өкілдері баспасөз маслихатында баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайлау ережесінің бұзылғаны туралы мәліметтер дереу арнайы орган қызметкерлеріне жеткізілген. Жалпы, тәуелсіз байқаушылар қозғалысының 5 мың өкілі ел бойынша 3138 бөлімшедегі сайлаудың әділ өтуін бақылаған. 

«Кеше біздің 5 мың тәуелсіз бақылаушылар ең ірі еліміздің қалаларында учаскелерде жұмыс істеді. Ол 1/3 деп айтуға болады. Неге десеңіздер, біздің елде 10 мың учаске болды. Біздің және халықаралық бақылаушылардың пікірінше, мына эпиджағдайға қарамастан дауыс беру тиісті деңгейде өтті және өрескел бұзушылықтар анықталмады», – деді TAZA SAILAU тәуелсіз бақылаушылар азаматтық қозғалысының өкілі Бигелді Ғабдуллин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир