|
12.01.2021 | 13:56
3116

Сайлау 2021: ОСК сайлау қорытындысын жариялады

Саяси партиялардың қанша депутаттық мандатқа ие болғаны белгілі болды

Сайлау 2021: ОСК сайлау қорытындысын жариялады Almaty.tv

Парламент және маслихат депутаттарының сайлауында додаға түскен партиялардың қанша депутаттық мандатқа ие болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, сайлауда 7 млн 539 мың 280 бюллетень берілген. Алайда партияларға берілген дауыс саны 7 млн 241 мың 562 болды. Соның ішінде Қазақстан Халық партиясына 9,10 пайыз, «Nur Otan» партиясы - 71,9 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 10,95 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинаған.

«Осылайша  7 пайыздық көрсеткішті 3 саяси партия бағындырды. Мәжілістегі депутаттық манданттар бойынша «Nur Otan» партиясы - 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы -12 мандат, Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат алды», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Бұдан бөлек, Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат Парламент Мәжілісіне өтті. Естеріңізге салайық кеше Ассамблея мүшелері өз таңдауларын жасап, нәтижесінде 351 адам дауыс берген болатын.

Графика:

Партияларға берілген дауыс саны:

«Халық» партиясына - 659 019 (9,10 пайыз)

«Nur Otan» партиясы - 5 148 074 (71,09%)

«Ауыл» ХДП партиясы - 383 023 (5,29 пайыз)

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 792 828 (10,95 пайыз)

«ADAL» саяси партиясы - 258 618 (3,57 пайыз)

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир