|
09.01.2021 | 19:25
2089

Алматыдағы сайлау учаскелері шараға қаншалықты дайын

Сайлау учаскелері жиһазбен, кеңсе техникасы, интернетпен толықтай қамтамасыз етілген

Алматыдағы сайлау учаскелері шараға қаншалықты дайын

Алматыдағы барлық сайлау учаскелері шараға дайын. Таңдау жасау күнінде қалада 581 орын қызмет етеді. Әрқайсысында санитарлық талаптар қатаң сақталған. Сайлау учаскелері жиһазбен, кеңсе техникасы, интернетпен толықтай қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматыдағы сайлау учаскелерінде ең алдымен санитарлық талаптар ескерілген. Кіреберісте дезинфекциялық құрал, әлеуметтік ара қашықтық белгілері және санитайзерлер қойылған. Сонымен қатар, стационарлық және тасымалданатын жәшіктер, жасырын дауыс беру кабинасына арналған маталар, сыртқы және ішкі ақпараттық стендтер сынды жабдықтар жеткізілген. Ертең №243-нші учаскеде 2 жарым мыңнан астам адам өз таңдауын жасайды деп күтіліп отыр.  

«Қазір біздің учаске 100 пайыз дайын. Дауыс беру кабиналары жабдықталған, сайлаушылардың мекен-жайы жазылған қағаздарды да қойдық. Сонымен қатар, дезинфекциялық құралдар да ақаусыз жұмыс істеп тұр», –  деді № 243 сайлау учаскесі сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Зайра Нүсіпова.

Ертең қаладағы сайлау учаскелері таңғы 6-да ашылып, дауыс беру таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жалғасады. Электоралды процесті түрлі ұйымдардан құрылған тәуелсіз бақылаушылар мен партия тарапынан адамдар бақылайды. Айта кетейін, аураханаларда емделіп жатқан науқастар да өз дауыстарын бере алады. Оларға арнайы орын қарастырылған.

«Бұл учаскенің басқалардан айырмашылығы бұл жер жабық учаске деп аталады. Бұл стационарда жатқан науқастарға сайлауға қатысуға мүмкіндік беретін учаске. Сайлау учаскесі кеше сайлау бюллетендерін науқастар санына сәйкес алынды толығымен. Сайлау шараларына ертеңгі өтетін толықтай дайын учаскі», –  деді №4 Қалалық-клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Елдос Сүгір.

Айта кету керек, уақытша тергеу изоляторына қамалған азаматтар да өз таңдауларын жасау үшін арнайы учаске бөлінген. Ал, сот шешімімен бас бостандығынан айырылып, жазасын түрмеде өтеп жатқан азаматтар дауыс бере алмайды. Еске салайын, ертең Алматыда 581 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Саяси шара барысында маска тағу мен әлеуметтік ара қашықтық режимі тексеріледі. Сондай-ақ, дене қызуы көтеріліп тұрған азамат ғимаратқа кіргізілмейді.

Өмір Әнуарбек, Медет Саматұлы «Алматы»телернасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир