|
09.01.2021 | 20:02
1380

Алматылық тәуелсіз сарапшылар сайлауға толықтай дайын

«Жастарға жол» қоғамдық қорының бастамасымен құрылған тәуелсіз бақылаушылардың қатарында қазір мыңнан аса адам бар

Алматылық тәуелсіз сарапшылар сайлауға толықтай дайын

Ертеңгі сайлауға Алматыдағы 1014 тәуелсіз бақылаушы толықтай дайын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алдағы сайлауда дауыс беру процесі егжей-тегжейлі назарда болады. Бұл жайында Хартияға қосылған Алматы қалалық үкіметтік емес ұйым басшыларының ашық кездесуінде айтылды.

«Жастарға жол» қоғамдық қорының бастамасымен құрылған тәуелсіз бақылаушылардың қатарында қазір мыңнан аса адам бар. Оларды саяси додаға дайындау үшін арнайы «Сайлау 2021» мектебі ашылған. Орталықтағы дәрістер бақылаушының құқықтық мәдениетін қамтиды. Сондай-ақ, еріктілерге «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» заңы оқытылды.

«Алдағы тартыстың әділетті өтуінің басты жолы – қазақстандықтардың саяси белсенділігі. Сайлауға неғұрлым көп қазақстандықтар қатысып, бақыласа, бұл процесс соғұрлым әділ әрі ашық өтеді»,– деді «Сайлау 2021» бақылаушылар мектебінің басшысы Александр Братенков.

«Сайлаудағы әділ және адал бақылау туралы» Хартия – барлық бақылаушыларды біріктіретін құжат. Себебі, ол Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қағидаттарындағы бақылау рәсімдері туралы халықаралық ережелердің негізінде жасалған.

«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің кейбіреуінде маңызды сайлау алдында арнайы кодекс құрылады. Ал кейбір елдерде оны адал өткізуге ант береді. Осы орайда мен Қазақстанда дауыс берушілердің мүддесін қорғайтын Хартия дайындауды жөн көрдім», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы мониторинг тобының басшысы Айгүл Соловьёва.

Айта кетейік, ертеңгі саяси тартыс үшін Алматыда 1014 тәуелсіз бақылаушы сақадай сай. Олар дауыс беру рәсімін, оларды санау және нәтижелерді бекіту процесстерін қадағалайтын болады.  

Сымбат Ноғай, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир