|
22.12.2020 | 20:40
3020

«Ауыл» партиясы Алматыда «Жастар – ел тірегі» жастар форумын ұйымдастырды

Форумға 25 адам жиналды, жастар қанатының тағы 300 белсендісі онлайн форматта қатысты

«Ауыл» партиясы Алматыда «Жастар – ел тірегі» жастар форумын ұйымдастырды пресс-служба

«Ауыл» партиясы Алматыда «Жастар – ел тірегі» жастар форумын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараны ұйымдастырушылар ретінде «Ауыл» ХДПП-ның жастар қанаты қатысты. Форумға 25 адам жиналды, жастар қанатының тағы 300  белсендісі онлайн форматта қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар отансүйгіштік, білім беру және ауылдық жерлердегі жастардың өмірі тақырыптарын талқылады. Сондай-ақ, «Ауыл» ХДПП-ның сайлауалды тұғырнамасының негізгі міндеттері туралы айтылды.

«Ауыл» ХДПП атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Әзімхан Сатыбалдин жастар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанда мерзімі жеткен әлеуметтік-демографиялық проблемаларды шешу үшін, ең алдымен, ауылдар мен қалалар тұрғындарының әлеуметтік теңдігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

«Жастарды ауылдағы жұмысқа ынталандыру керек: жас отбасыларға баспана алу және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін , ал ауылды жерлерге көшіп баратындарға баспана алып, үй шаруашылығын жүргізіп, ауылда бизнес ашу үшін пайызсыз қарыз (заем) беру керек», - деп санайды ҚР ҰҒА профессоры, академик, ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры Әзімхан Сатыбалдин.

Сондай-ақ, спикердің пікірінше, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға назар аудару қажет. Азаматтық сана-сезімді жаңарту, мемлекеттік тілді нығайту мәселесін шешуде ауыл ерекше рөл атқарады, олардың пікірінше, халықтың мәдени кодын сақтауға қабілетті дәстүрлі құндылықтардың тамыры мен қайнар көзі, моральдық және адамгершілік дәстүрлердің өзегі саналады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир