|
19.03.2023 | 07:00
1440

Saılaý 2023: Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтіп жатыр

Жалпы депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді

Saılaý 2023: Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтіп жатыр Almaty.tv.

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Саяси науқанға Amanat, "Ақ жол", Қазақстан халық партиясы, "Ауыл", Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, "Байтақ" және Respublica партиялары қатысады. Өзін-өзі ұсынғандар да бар. Ал облыс, қала және аудандық мәслихат депутаттығына қатысуға тілек білдіргендер аралас жүйе бойынша сайланады. Жалпы депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді.

Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады.

Айта кетейік, бұл саяси науқанның басты ерекшелігі – әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталды. Сондай-ақ, сайлау бюллетеніне "бәріне қарсымын" деген баған енгізілген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир