|
14.03.2023 | 14:45
1440

Мәжіліс сайлауында алғаш рет ұлттық байқаушылар аккредиттелді

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, 786 байқаушы аккредитациядан өткен

Мәжіліс сайлауында алғаш рет ұлттық байқаушылар аккредиттелді Almaty.tv

Елімізде 19 наурызда өтетін саяси науқанды алғаш рет ұлттық байқаушылар бақылайтын болады. Бұл туралы ОСК төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, 786 байқаушы аккредитациядан өткен. Атап айтқанда 41 мемлекеттен 124 шетелдік, 12 халықаралық ұйымнан 662 байқаушы тіркелді. Сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан ұлттық байқаушыларды аккредиттеу институты енгізіліпті. Бұдан бөлек, Әзірбайжан, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан және Тәжікстан секілді 16 мемлекеттің Орталық сайлау органдарының өкілдері келеді деп жоспарланып отыр.

«Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялығына, мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуына ықпал ететіндігін тағы да атап өткім келеді. Бұл – халықаралық міндеттемелерге сүйенетіндігіміздің дәлелі. Сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыру екенін де білдіреді», – деді ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир