|
16.03.2023 | 16:21
2139

Сайлау 2023: Биыл 3000-нан астам байқаушы саяси науқанның әділ өтуін қадағалайды

Cаяси дода 19 наурызда өтеді

Сайлау  2023:  Биыл 3000-нан астам байқаушы саяси науқанның әділ өтуін қадағалайды Almaty.tv

Алдағы сайлауда арнайы оқытылған 3000-нан астам байқаушы саяси науқанның әділ өтуін қадағалайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бірнеше үкіметтік емес ұйымның коалициясы есебінде құрылған Baqyla қоғамдық қозғалысы 19 наурызда республика аумағында жұмыс істемек. Бұған дейін арнайы дайындықтан өтіп, алдыңғы сайлауда тәжірибе жинаған байқаушылар келесі кіріспек.

«Квалификацияның болмауын, заңның бұзылмауын қадағалайтын – байқаушылар. Біздің негізгі міндетіміз – сайлауды бастан-аяқ байқау. Білім, тәжірибеміз бар, сол тәжірибемізге сүйене отырып, келе жатқан сайлау процесін бақылайтын боламыз. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 20-дан астам өңірде филиал бар», – деді Baqyla қоғамдық қозғалысының мүшесі Әсет Базарбай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир