|
01.02.2023 | 16:56
1314

Сайлау 2023: Алдағы саяси өзгерістер қоғамның дамуына серпін әкелері сөзсіз

Сайлау  2023: Алдағы саяси өзгерістер қоғамның дамуына серпін әкелері сөзсіз baq.kz

Алдағы саяси өзгерістер қоғамның дамуына серпін әкелері сөзсіз. Осылай пікір айтқан ел қайраткерлері «Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау науқанында бәсекенің де болары жасырын емес» дейді. Олардың айтуынша, Президент меңзеген саяси мәдениеттілік те осы тұста ескерілуі тиіс.

«Биылғы сайлаудың айырмашылығы Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады. Мемлекет басшысының мәжіліс пен мәслихаттарды мерзімінен бұрын таратуының да негізгі себебі – әділетті Қазақстан құру. Ал ол үшін жаңа тұлғалар керек. Білімді, ойлы, мемлекетшіл жастар келеді деп үміттенеміз. Халық соны күтіп отыр», – деді қоғамдық кеңес мүшесі Барыс Жапаров

Саясаттанушылар болса, жаңаша көзқараспен шетелдік тәжірибені меңгерен мамандар қазір ауадай қажет дейді. Әділетті Қазақстан құру үшін халық қалаулыларын жасақтауда халықтың үлесі басым екенін айтады.

«Саяси сайлаудың барысында бюллетендердің санына байланысты түсіндірме жұмысты тек ірі қалаларда емес, ауылдарда да жүргізетін болсақ, сайлаушылардың көпшілігі белсенді атсалысар еді. Дауыс беретін халық арасында саяси күрес болатын еді», – деді саясаттанушы Жомарт Сімтіков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир