|
19.03.2023 | 16:56
1063

Сайлау-2023: елімізде 150-ден астам заңгер жұмыс істеп жатыр

Алматыда 5 заңгер азаматтарды қабылдайды

Сайлау-2023: елімізде 150-ден астам заңгер жұмыс істеп жатыр smi24.kz


Қазақстандағы сайлаудың әділ өтуіне заңгерлер де атсалысады. Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде 150 маманның жұмыс істеп жатқаны айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Брифингте сөз сөйлеген заңгер азаматтардың белгіленген бюллетендерді әлеуметтік желіде жария етуінің заңсыз екенін тағы бір еске салды. Ал байқаушылар сайлау учаскесінде тек күмәнді жағдай болса ғана бейнетүсірілім жасай алады. Арнайы рұқсат етілгендерден басқа адамдарға учаске ішіндегі дауыс беру процесін жария етуге қатаң тыйым салынып отыр. Сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайынан өзге өңірде жүріп, анықтама арқылы дауыс берген азаматтар тек партиялық тізім бойынша таңдау жасай алады. Яғни, есептен шығару куәлігі бар сайлаушылар бірмандатты үміткерге дауыс бере алмайды.

«ҚР бойынша 150-ден астам заңгер қазіргі уақытта жұмыс істеп жатыр. Мақсатымыз – халыққа заңды бұзбай таңдау жасауды түсіндіру», – деді заңгер, «Әділ сайлау үшін» қозғалысының өкілі Бауыржан Байтағұлов.

Ал Алматыда 5 заңгер азаматтарды қабылдайды. Олар сайлау аясындағы өз жұмысын ақпан айында-ақ бастап кеткен. Сайлау аяқталған соң да саяси науқанға қатысты қызмет жалғаса бермек.

«Мен бақылаған сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің басым көпшілігі өзім қатарлы азаматтар екен. Яғни, орта жастағы тұрғындар белсенділік танытып отыр. Ал байқаушы азаматтардың көбі – жас буын өкілдері. Бүгін демалыс қой, түстен кейін жақсы нәтиже күтеміз», – деді АҚШ Тәуелсіз байқаушылар миссиясының мүшесі Ричард Вейтц.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир