Танымал сәнгердің Димаштың стиліне қатысты сынына әншінің әкесі жауап берді
exk.kz
Қанат Айтбаев Димаштың киім кию үлгісін қадағалайтын арнайы маман барын айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Танымал сәнгер Лилия Рах «Алматы» телеарнасы Paparazzi бағдарламасына берген сұхбатында Димаштың сахналық киім кию үлгісін сынға алған болатын. Осыған байланысты әншінің әкесі Қанат Айтбаев сәнгердің сынына жауап берді. Ол Димаштың киім кию үлгісін қадағалайтын арнайы маман барын айтты.
«Әрине, Димаштың стилистері бар. Біреуі оның сахналық образына жауап береді. Ал екіншісі шаш қою үлгісін қадағалайды. Бізде бәрі дұрыс», – дейді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев.
Әншінің әкесі көпшіліктен сәнгердің сынына аса қатты мән бермеуді сұрады.
Айта кетейік, Димаш "Fly away" әні АҚШ-тың ең танымал Forbes журналының тізіміне кірді. Ән Twitter желісінде ең көп талқыға түсіп, 6-орын алды.
Дереккөзі: Express Qazaqstan.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33