|
03.08.2024 | 10:07
10244

Қайрат Нұртас тағы да үйлене ме

Желіде бейтаныс арумен видео жариялады

Қайрат Нұртас тағы да үйлене ме  instagram.com/ kair_n

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында бейтаныс арумен түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Видеода Қайрат Нұртастың қасындағы бойжеткеннің хиджаб кигенін аңғаруға болады. Дегенмен ол камераға жүзін көрсетпейді.

- Ассалаумағалейкум, қалдарыңыз қалай? Сәлем, - дейді Қайрат Нұртас видеода. 

Өнер иесінің жанындағы қыздың кім екені әзірге белгісіз. Әншінің өзі де бейтаныс аруға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Айта кетейік, 5 шілдеде отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні халықтың сүйікті әншісіне қатысты сот отырысы өтті. Шоу-бизнес өкілі ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі танылды. 

Оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. 20 шілдеде әртістің бостандыққа шыққаны белгілі болды. Желіде Қайрат Нұртастың абақтыдан шыққан сәтінен видео жарияланды.

Оқи отырыңыз:Ерке Есмаханға шетелдіктер тосынсый жасады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир