|
10.06.2020 | 12:06
5418

Данэля Тулешова Американың атақты шоуына қатысып, әділқазыларды таңқалдырды

13 жастағы қазақстандық әнші канадалық Faouzia-ның "Tears of Gold" әнін шырқады

Данэля Тулешова Американың атақты шоуына қатысып, әділқазыларды таңқалдырды Фото : кадр из видео

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова АҚШ-тағы атақты America's Got Talent шоуына қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жолы да бағын сынаған жас талант сахнада өнер көрсету барысында қазылар алқасын таң қалдырып, көрермендерді тәнті ете білді. Ол канадалық әнші Фаузияның "Tears of Gold" (Тиирс оф голд) атты әнін орындады. Байқаудың үшінші бөлімінде Данэлияның өнерін үлкен ықыласпен қабылдаған бүкіл зал орнынан тұрып, қол соғып, қошеметке бөлеген.

Өз кезегінде жас орындаушы бұл байқауға қатысу әр әншінің арманы екенін және кез келген сынақта өзінің бойындағы талантын барынша көрсетуге тырысатынын айтады. Айта кетелік, бұл телевизиялық жоба 2006 жылдың 21 маусымынан бастап көрсетіліп келеді. Қазір 15-маусымы Ұлыбританияда өтіп жатыр және барлық жастағы дарынды адамдар шоуға қатыса алады. Ал, жеңімпаз миллион долларға ие болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

шоу
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир