Танымал актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықов ауруханада жатыр. Қиын сәтте оған баласы қарап жүр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
– Жаным көзіме көрінді. 2016 жылы инфаркт алып, содан жүректе ақау бар. 5 сағатқа созылған өте күрделі ота болды. Аллаға шүкір, балам қарап жатыр, – деп жазды актер әлеуметтік желідегі парақшасына.
Сонымен қатар ол қазіргі жағдайын сұрап келген өнердегі әріптестеріне алғыс білдірді.
- Ота жасаған емхананың бас дәрігеріне алғыс айтамын. Арнайы көңілімді сұрап келген Мұқасан Шахзадаев, Мейрамбек Беспаев достарыма мың алғыс. Жүрегіме күрделі ота жасаған Арман бауырыма рақмет!, – деді актер.
Оқи отырыңыз: Түсірілім алаңында басталған махаббат: Кәмшат Жолдыбаева жолдасымен қалай жолықты