2023 жылдың 4 қазанында Коста-Риканың танымал телеарналарының бірі Multimedios CR алғаш рет Димаш Құдайберген туралы бағдарлама шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Эфир барысында жүргізушілер телекөрермендерді қазақстандық әртістің өмірбаянымен таныстырып, оның S.O.S әнін орындағанын көрсетті. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.
Multimedios – Мексикада қарқынды дамып келе жатқан және өзекті Медиа холдинг. 1933 жылы құрылғаннан бері ол үлкен танымалдылыққа ие болды және қазір өз бағдарламаларын тек Мексикада ғана емес, Коста-Рикада, АҚШ-та және Испанияда таратады.
- Коста-Рикада өте көп адам оның керемет музыкасы мен әдемі дауысын естуге құмар. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында танымал жұлдыздың шығармашылығын тамашалау, өмір баянымен танысу көрермендер үшін маңызды оқиға болды, - деп бөлісті Коста-Рикадағы Dears жанкүйерлері.
Оқи отырыңыз: Димаштың канадалық жанкүйерлері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды