|
06.12.2021 | 15:01
4964

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың сахналық образын қайталаған әріптестеріне ренжімеймін

Сондай-ақ продюсер шоу-бизнесте бірінші болып кино түсіргенін айтты

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың сахналық образын қайталаған әріптестеріне ренжімеймін Almaty.tv

Бүгінде шоу-бизнес өкілдері арасында кино түсіру трендке айналған. Продюсер Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, әншілер жайлы толықметрлі фильм таспалау үрдісінің іргетасын KN компаниясы қалаған. Бұл туралы ол «Алматы» телеарнасының Paparazzi бағдарламасында айтты.

«Мен шоу-бизнесті оқыған жоқпын. Бірақ осы әншілердің, шоу-бизнестің арасында бірінші болып мен кино түсірдім. «Өкініш» деген Қайраттың киносы, ол кезде Қайрат жас еді, ары кетсе 19-20-да шығар. Содан кейін барып өнер адамдары арасында кино түсіру басталып кетті, бірінші болып мен түсірдім деп ойлаймын», – деді продюсер.    

Сондай-ақ Гүлзира Айдабекова Қайрат Нұртастың қазіргі сахналық образын, өзінің шығармашылық ойын қайталағысы келетін әріптестеріне еш реніші жоқ екенін айтты. 

«Қайраттың алдында қаншама әншілер болды, «АБК», «Жігіттер», «МұзАрт»... Бәрі қоңыр немесе қара костюммен шығатын. Ал мен Қайратты жарқыраған сахнада костюммен елестеткен болатынмын. Кейін үлкен стадионға шыққан кезде біртіндеп сол тастарды, стразаларды костюмге, аяқкиіміне орнатып, әлемдік жұлдыз Haddaway-мен концертін өткіздік қой. Сол кезде біртіндеп жабыстырып, іске асырғанмын. Одан кейін қанша қыздар, жігіттер қайталап жасап жатты», – дейді продюсер.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир