|
03.12.2023 | 13:30
1068

Димаш Құдайберген Будапештте жеке концертін береді

Әнші Ласло Паппа атындағы спорт алаңында өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген Будапештте жеке концертін береді Сурет: Іnstagram.com/kudaibergenov.dimash

2024 жылғы 4 мамырда Будапештте Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Концерт қаланың ең үлкен жабық алаңдарының бірі – Ласло Паппа атындағы спорт алаңында өтеді, деп жазды әншінің жеке сайты.

Димаш және оның командасы шоуда дәстүрлі және заманауи стильдегі ең қызық композицияларды ұсынады, әртүрлі тілде ән орындап, қазақтың ұлттық дыбыстық және ультра заманауи әуендік техникасын бір туындыда қалай үйлестіруге болатынын көрсетеді.

 - Менің Stranger концерттік турым 2024 жылы Еуропадан басталады. Жағымды жаңалықты хабарлауға қуаныштымын. Дунай жағалауында әдемі Будапешт қаласында – Венгрияның астанасында сіздермен кездесуді асыға күтемін!, - деп жазды әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында.

Билеттер 2023 жылғы 5 желтоқсаннан бастап сатылады.

Оқи отырыңыз: Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир