|
11.07.2023 | 14:11
4577

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға көлік тарту етті

Бұл туралы "Асыл" тобының солисі Ақерке Бүркітбай Instagram желісінде айтты

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға көлік тарту етті ашық дереккөзден

"Асыл" тобының солисі Ақерке Бүркітбай Instagram желісінде енесі Роза Рымбаеваға күйеуі жасаған сыйлығын көпшілікке бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.  

Ақерке Бүркітбайдың айтуынша, кеше, 10 шілде күні таңертең Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға шамамен 21 млн теңге тұратын Geely Manjaro маркасының көлігін сыйлаған. Алайда Ақерке видеоны желіге тек барлығы өткеннен кейін, яғни, келесі күні шығаратынын айтты. 

"Кеше отбасымыз үшін әдемі күн болды. Әли анамызға жаңа көліктің кілтін табыстап, сыйлық жасады. Жаңа модельді, өте әдемі түсті. Құтты, берекелі көлік болсын", - деді Ақерке Stories бөлімінде. 

Сондай-ақ Әлидің анасына жасаған сыйлығы желі қолданушыларын сүйсінтті. 

"Роза апамызға керемет сыйлық", "Әли, жарайсыз, осылай анаңызды қуантып жүріңіз", - деді желі қолданушылары.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир