Ресейлік танымал әнші Юрий Шатунов өмірден өтті
Depositphotos.com
48 жастағы әнші жүрек ауруы салдарынан Мәскеудегі ауруханада көз жұмған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әйгілі «Ласковый май» тобының әншісі Юрий Шатунов қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Әншінің өмірден өткені туралы ресейлік Telegram арналары хабарлады.
48 жастағы әнші Юрий Шатунов жүрек ауруы салдарынан Мәскеудегі ауруханада көз жұмған.
Юрий Шатунов - кеңестік кезеңде аты аңызға айналған «Ласковый май» тобының жас әншісі ретінде танымал болған музыкант. Оның репертуарының басым бөлігі өзін 80-жылдардың аяғында танымал еткен «Белые розы», «Седая ночь», «Старый лес» және т.б. әндерден тұрды.
Ю. Шатунов жай ғана әнші емес, көптеген беделді музыкалық наградалардың иегері, миллиондаған кеңестік жасөспірімнің кумирі болған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
07.11.2026 09:20
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34