Аңшылыққа барған әнші Төреғали Төреәлі өлі түлкімен суретке түсіп, желі қолданушылардың шамына тиді, деп хабарлайды Almaty.tv. Әнші 25 желтоқсан күні қансыраған өлі түлкімен түскен суретін Instagram желіне салып, астына мынадай өлең жолдарын жазыпты:
Енші етіп, шұрайлы да күйлі өңірден,
Біз қазаққа жер бердік дейді елірген.
Аштық, зорлық тек қырғын әкелмесе
Орыстан қашан бізге сый бөлінген?
Жымысқы саясатпен алдап-арбап,
Айырған хандарымнан, билерімнен.
Тіс көрсетіп қояды ауық-ауық,
Әрекеті аумаған шибөріңнен.
Шулатпай шибөріні дұрыс болар,
Көкжалдай көк желкеден кейде бүрген.
Жалыққан жоқсыңдар ма көкжалдарым,
(Шакалдардың) алдында именуден?
Желі қолданушыларының көбі әншінің бұл әрекетін құптамай, теріс пікірін білдірді.
- Бұл күнә. Неге сіз жануарларды өлтіріп жатырсыз?
- Айуандық! Сізге бекер жазылыппын.
- Жануарды неге азаптадың? Сіз қатыгез екенсіз. Бұл да тіршілік иесі, Алланың жаратуы.
- Бұл күнә емес пе? Еріккен байлар.
- Недеген қатігездік!
Дегенмен, Төреғалидің бұл әрекетін қолдайтындар да бар. Олар «Еркексің», «Тамаша!» деп пікір қалдырған.