|
14.09.2024 | 15:37
244

Астанада Димаштың шетелдік жанкүйерлері концерттен кейін стадионды тазартты

Олардың жергілікті еріктілер мен белсенділердің ісіне қосылғаны жұртты сүйсінтті

Астанада Димаштың шетелдік жанкүйерлері концерттен кейін стадионды тазартты Фото: Астана әкімдігі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрермендері мен қонақтары Димаш Құдайбергеннің «Астана Арена» стадионындағы концертінен кейін стадионды қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Аlmaty.tv елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай тазалық акциялары елордада тұратын әрі қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар үшін игі дәстүрге айналды.

«Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды, олар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таңғалды. Тазалық акциясына «Астана Жастары» КММ белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 13 және 14 қыркүйек күндері «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің ауқымды концерті өтті.

Оқи отырыңыз: Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир