|
29.01.2021 | 15:35
2444

Аша Матай ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін марапатталды

Тележүргізуші бұл төсбелгі бұған дейін алған марапаттарының ішіндегі ең қымбаты екенін айтты

Аша Матай ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін марапатталды

Белгілі тележүргізуші Аша Матай ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін «Матай Бөрібай батыр» төсбелгісімен марапатталды деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жаңалықпен Аша Матай өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Тележүргізуші бұл төсбелгі бұған дейін алған марапаттарының ішіндегі ең қымбаты екенін айтты.

«Өзімнің инстадостарыма қуанышты жаңалығымды жеткізгім келеді. Мен «Матай Бөрібай батыр» төсбелгісімен яғни медалімен марапатталдым. Куәлігінде «Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін» деп жазылыпты. Осы ретте, азғантай қосқан үлесімді жоғары бағалағандарыңыз үшін «Матай Бөрібай батыр» қорының ұйымдасыру алқасына алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін осы төсбелгі, менің алып жүрген марапаттарымның ішіндегі ең қымбаттысы деп қабылдадым. Айтпақшы, медальдың арты біздің бөрі таңбамыз», – деп жазды Аша Матай.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир