Жас әнші Ұланғасыр Қамиевтің "Балқия" әні танымал хитке айналды. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында аталмыш әнге қанша қаражат жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Желі қолданушысының бірі әншіден "Құпия болмаса, "Балқия" әніне қанша шығын кетті?" деп сұраған.
Ал Ұланғасыр Қамиев бейнебаянды қоспағанда, 500 мың теңге жұмсағанын айтты.
- Жалпы 500 мың теңге жұмсалды. Бұл баға - бейнебаянды есептемеген кездегі сома, - деп жауап берді. Ұланғасыр Қамиев.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ұланғасыр Қамиев неліктен отбасылы болудан қорқақтап жүргенін айтқан болатын.
- Үйленуге дайын емеспін. Киноларды көргенде 1-2 сағат үйленгім келіп алып-ұшып жүремін де, буы тез басылады. Моральдық тұрғыдан дайын емеспін. 5-6 жылдан соң ғана үйленетін шығармын. Әзірге кездесіп, махаббат болып жүрген қызым да жоқ. Жеке өмірге тіпті уақыт та жоқ, - деген болатын әнші.
Оқи отырыңыз: Төреғалидің қарындасы 21 жасын қалай атап өтті (видео)