Төреғалидің қарындасы 21 жасын қалай атап өтті (видео)

Фото: Instagram/tattti_kyz
Фото: Instagram/tattti_kyz
Дина Төреәлі Instagram парақшасында жақындары оған қандай тосынсый жасағанын көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Отандық танымал блогер Дина Төреәлі 21 жасқа толды. Жақында ана атанған желі жұлдызы жаңа жасын ет-жақындарымен бірге атап өткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі  nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Дина Төреәлі Instagram парақшасында жақындары оған қандай тосынсый жасағанын көрсетіп, ерекше видео жариялады. Алғашқылардың бірі болып блогер аруды күйеуі, әпкесі мен жездесі келіп құттықтаған. Олар түнгі он екіден кейін жас анаға тосынсый жасаған. Айта кетерлігі Дина Төреәлінің жолдасы туған күн үшін арнайы басқа қаладан ұшып келген екен. Ол келіншегіне соңғы үлгідегі телефон сыйлаған. Ерлі-зайыпты атаулы күнді ерекше атап өту үшін, Астанадағы ет-жақындарының басын қосқан. Онда жас жұбайлардың отбасылық достары ғана жиналған. Туған күн иесіне минут сайын үлкен гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар келіп жатты.

Оқи отырыңыз: Ұлы дала ұлына ұлы сыйлық: Төреғалидің ағасы уәдесін орындады (видео)

Новости партнеров