|
Shoý-bıznes
20.06.2020 | 15:38

Латвияда гүлдің жаңа сортына Димаштың есімі берілді

Әлемдегі жалғыз «Димаш Құдайберген» енді Лативияда тұратын болды!

Латвияда гүлдің жаңа сортына Димаштың есімі берілді inform.kz

Латвияда таураушанның жаңа сортына қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемдегі жалғыз «Димаш Құдайберген» енді Лативияда тұратын болды! Бүгін таураушанға (рододендрон) тәжірибе жүргізетін «Babīte» тәлімбағынан латвиялық сертификат алдық. Енді 2020 жылдың 24 мамырынан бастап, Жер планетасында «Димаш Құдайберген» атты жаңа таураушан сорты бар. Бір жылдан кейін Димаштың келесі туған күнінде Англияның корольдік бау-бақша қоғамдастығының таураушан бойынша халықаралық сертификаты алынады деп үміттенеміз», – деп жазылған Димаштың латвиялық жанкүйерлер клубының Instagram парақшасында.

Жанкүйерлер клубының хабарлауынша, әзірге бұл түп шынында да әлем бойынша жалғыз, сондықтан ол «Babīte» таураушандар саябағының басты аллеясына отырғызылады және сорттың кімге арналғандығы туралы арнайы тақтайша қойылады.

«Біраз уақыттан соң тәлімбақтан оның көшеттерін алуға болады. 5-7 жылда кішкентай көшет көркем түп ағашқа айналады. Оның биіктігі 2-3 метрге дейін жетеді және 200 жылға жуық өмір сүреді. Димашқа да таураушанды сыйға тартамыз деп үміттенеміз! Оған да таураушан секілді ұзақ шығармашылық ғұмыр тілейміз! Жаңа сорт та Димаштың әндері секілді әрбір елде болсын!» – дейді жанкүйерлер.


‡агрузка...

Прямой эфир