Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев 20-21 маусым күндері аудан аумағында барлық сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, базарлардың, спорт залдарының жұмысы тоқтатылатынын хабарлады. Қызметі тоқтаған барлық нысандарда санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы санитарлық шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазір біздің дәрігерлеріміз, полицейлер мен ттіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет етуде. Мен бәрінен олардың еңбегіне құрметпен қарауға шақырамын. Біздің ауданның тұрғындарынан халықты коронавирус инфекциясынан қорғауға қажетті мәжбүрлі шараларға түсіністік танытуын және байыппен қарауын сұраймын», – деп қорытындылады Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев.
Ауданда Asia Park, Sputnik Mall, Almaty Mall, Grand Park, Moskva metropolitan СОО және 8 басқа сауда орталықтары: Люмир, Үш Сұңқар, Масато, City және басқа 19 сауда үйі жұмыстарын тоқтатты, олардың арасында Armada, Car City, Тигрохауд, АвтоСити, 12 месяцев бар. 4 базар: : Арыстан, Сары -Арқа, Ақсай -3, Тигрохауд және 17 супермаркет Magnum, SMALL, Рамстор, Метро және басқалары. Сонымен бірге 28 спорт кешені D-fitness, FitnessBlitz, Invictus жұмыстарын тоқтатты.
Сонымен бірге, адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін азаматтардың жемалыс күндері жаппай дем алуға келетін орындары жабылды, нақтырақ айтқанда:
скверлер (4 шағын ауданда Сары-Арқа кинотеатының сыртында, және Алтынсарин даңғылы бойынша Қабдолов көшесінен бастап Жандосов көшесіне дейін)
8 шағын аудандағы жаяу жүргіншілер аймағы
Family Park саябағы
Сайран өзенінің батыс бөлігі