Қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов «Голос» шоуына қатысты. Ол көрмей тыңдау кезеңінде Шарль Азнавур мен Жорж Гарваренцтің Une vie d’amour әнін орындады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан әншісіне тәлімгерлерден Александр Градский бұрылды.
Әнші Пелагея да Әлішерге бірден бұрылғысы келгенін айтты.
«Бұрылғым келді, бірақ жоғарғы ноталарды тыңдайын дедім», – деді ол.
Сонымен қатар журналист, продюсер Асхат Садырбай да Әлішер туралы Ғacebook парақшасында жазды.
«Әлішер бала күнінен сахнада келе жатыр. Көрерменді баурап алуды жақсы меңгерген тәжірибелі әнші. Байқаудың аты байқау. Аздап толқып тұрғандай көрінді. Ендігі жерде Градскийдің ақыл-кеңестері оған тек пайдасын тигізетіні анық.
Интернет қолданушылар «қазақтар «Голосқа» шабуыл жасады, биыл қазақтармен қызық болайын деп тұр, 3 әншінің үшеуі де мықты, Игра в кальмарадағыдай бір-бірлеріңмен ашық айқасқа түсуге дайын болыңдар» деп әзілдеп жатыр.
Әділхан Макин мен Әлішер Каримов Градскийдің тобында, Әміре Дима Биланның командасында. Қазақстандық өнерпаздарға сәттілік пен жеңіс тілейміз!» – деп жазды ол.
Айта кетейік, Әлішер Кәрімов — шоудың келесі кезеңіне өткен Қазақстанның үшінші әншісі.
Бұған дейін қазақстандық Ернар Садырбаев «Голос» шоуына қатысып, төрт тәлімгерді де өзіне қаратқан еді. Ол Дима Биланның командасын таңдады.
Ал Әділхан Макин де бұл шоудың бірінші кезеңінен өтіп, Александр Градскийді таңдаған болатын.