|
11.09.2024 | 16:26
4871

Айгүл Иманбаева күйеуімен қалай танысқаны туралы айтып берді

Актриса өмірлік жолдасын туған күнімен құттықтады

Айгүл Иманбаева күйеуімен қалай танысқаны туралы айтып берді Фото: Instagram / aigul_imanbayeva

Жуырда екінші рет тұрмысқа шыққан қазақстандық актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуімен қалай танысқаны туралы айтып берді, алғашқы кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Актриса өмірлік жолдасы Ерланды туған күнімен құттықтай отырып, онымен қалай танысқанын есіне алды. Олар бір-бірімен шетелдегі ортақ достары арқылы танысқан екен.

«Қызық, әр адам өзінің өмірлік жарын жүрегімен сезеді екен ғой. Ең бастысы, Құдайға деген сенім. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп Құдайдан сұрайтын едім. Шын тілесең береді деген де осы шығар және «көп тілеуі – көл» деген. Сіздер берген ақ батаны өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз. Бүгін – менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын», - деп жазды әнші.

Айгүл Иманбаева жолдасын жолықтырған сәттен бастап қалай өзгергенін де айтып өтті.

«Сен маған әйелге тән нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Жаратқаным ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын. Барлық арман-тілегімізге бірге жетейік. «Қуанғанға құт қонады» дейді. Маған тілекші болған жандардың бәріне тілек-баталарыңыз мың еселеп қайтсын. Ұрпақтарыңыздың жолы қашанда ашық болсын. Әр әйел бақытты болуға лайықты!» – деп жазды А. Иманбаева.

Оқи отырыңыз: Бұрынғы күйеуінен зәбір көрген көпбалалы ана құзырлы орган өкілдерінен көмек сұрады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир