Отандық танымал продюсер Баян Алагөзова үшінші перзенті дүниеге келгенімен бөлісті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі продюсердің жеке парақшасына сілтеме жасап.
Өнер саласының өкілі тағы да қызды болғанын айтты. Қуанышты жаңалықты Алагөзованың өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Продюсер жолдасы екеуінің сәбиді ұстап тұрған суреттерін де көрсетті.
- Біз сені ұзақ күттік. Үш келі бақытымыз. Біз қызды болдық. Алагөзова ... Тұрсынғалиқызы, - деп сүйінші хабарды жеткізді ол.
Сонымен қатар Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек те анасының жаңалығына қатысты пікір білдірді.
- Менің сіңілім өмірге келді. Айару екеуміз ғана емес, енді біз үшеу болдық. Арамыз 28 жас болды. Біз сені ұзақ күттік. Біздің көңілді отбасымызға қош келдің, сіңілім, - деп жеткізді блогер.
Оқи отырыңыз:Қайрат Нұртас тағы да үйлене ме