«Алматы» телеарнасынан жуырда «Ана мен бала» бағдарламасы көрерменге жол тартады. Бағдарламаның басты мақсаты – жас аналарға пайдалы кеңес беру. Бұл жайында бағдарлама продюсері Гүлназ Тілеубек айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Таңғы Studio-да қонақта болған Гүлназ Тілеубектің айтуынша, бағдарлама әлеуметтік желіден сұрағына жауап іздейтін аналар үшін дұрыс бағыт береді.
«Бұл бағдарламаның басты мақсаты – жас аналарға пайдалы кеңес беру. Өйткені алғаш ана болған қыздар, алдымен әлеуметтік желі арқылы сұрақтарының жауабын іздейді. Ал ол жердегі жауаптардың бәрін дұрыс жауап берді деп есептеу, қателік. Одан қалса құрбыларына хабарласады. Біз осы бағытта, дұрыс, қажетті ақпаратты жеткізетін боламыз», – деді продюсер.
Сондай-ақ «Ана мен бала» бағдарламасында кәсіби мамандар мен аналардың сұхбаттасады.
«Мен өзімнің егіз қыздарыммен дұрыс тамақтану бөлімін жүргіземін. Баланың тәбеті, диета, тамақ таңдауы жйында ақпарат айтылатын болады. Тамақтану барысын ойынға айналдыру. Бала мен бірге тамақ жасап, оны ерекше безендіру процессін көрсететін боламыз. Егерде балаларыңыз үйдің тамағын жемейтін болса, дұрыс тамақтағысы келмейтін болса, онда міндетті түрде бағдарламаны қайталап көріңіздер», – деді бағдарлама жүргізушісі Інжу Әнуарбек.