|
18.03.2021 | 15:51
7538

«Алматы» арнасында «Наурыз» телемарафоны өтеді

Халқымыздың Ұлық мейрамына арналған телемарафон арнамыздың «Таңғы Студио» бағдарламасымен басталып, түнгі 22:00-ге дейін жалғасады

«Алматы» арнасында «Наурыз» телемарафоны өтеді Almaty.tv

Наурыз – күн мен түннің теңеліп, тіршіліктің ұйқыдан оянатын кезеңі. Ұлыстың ұлы күні халық бір-бірін мерекемен құттықтап, ізгі тілегін арнайды.

19 наурызда «Алматы» арнасында «Наурыздан Наурызға амандықпен жүздесейік!» атты телемарафон өтеді.

Халқымыздың Ұлық мейрамына арналған телемарафон «Таңғы Студио» бағдарламасымен басталып, түнгі 22:00-ге дейін жалғасады. 

Мерекелік телемарафонда Наурыз мерекесінің тарихы мен дәстүрі туралы тың айтылып, сан ғасырға жалғасқан салт-дәстүріміз бен ұлттық ойындарымыз дәріптеледі. Телеарна журналистері түсірген эксклюзивті деректі фильм мен бейнебаянның тұсауы кесіледі.

Студия төрінде елімізге танымал тұлғалар, өнер жұлдыздары келіп, сырлы сұхбат өрілмек.

Сонымен қатар, Ұлы мерекеміз туралы қызықты әрі танымды сюжеттер көрсетіледі.

Халқымыздың ерке қызы Мақпал Жүнісова мен муза әлемінің мұзарты «МузАрт» тобының, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің концертін тамашалай аласыздар!

Ендеше, «Алматы» арнасы қосулы болсын!

Наурыздан Наурызға амандықпен жүздесейік!


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир