|
21.09.2022 | 15:42
1755

Назерке Назарова «Томпи» телехикаясы жайлы айтты

Назерке Назарова «Томпи» телехикаясы жайлы айтты

Жаңа маусымда – жаңа телехикая. «Алматы» телеарнасы көрерменін тағы бір комедия жанрындағы «Томпи» сериалымен қуантпақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жарыққа жыл соңына қарай шығатын сериал не жайында түсіріліп жатыр? Бұл туралы сериалдың басты рөлін сомдайтын Назерке Назарова Таңғы Studio бағдарламасында айтып берді.

«Бұл телесериалда мен Тәуекел Мүсліммен басты рөлде ойнаймыз. Баян Мақсатқызының 2020 жылы шыққан «Я – пышка» фильмінің толық нұсқасы көрсетілетін болады. Менің бала кезім, жұмысқа орналасқаным, Тәуекелмен танысып оған ғашық болып қалғаным жайлы түсірілген. Сондай-ақ адамның сырт-келбетіне емес, оның ішкі жан-дүниесіне мән беру керектігі жайлы айтылады. Толық болсамда, ғашығымды өзіме қалай болғанда да, қаратамын деген мақсат қойып, соған қол жеткізгенім. Енді алдағы уақытта сіздерге ұнайды деген сенімдемін», – деді актриса Назерке Назарова.

Сондай-ақ оның айтуынша, бұл сериалда кез-келген адамның дене бітіміне қатысты кемшіліктерді дұрыс қабылдай білуге көмексетеді. 

«Кез-келген адамды алып қарайтын болсақ, өзінің бір кемшілігі бар. Ол кемшілікті өзі ғана көпшіліктен жасырып қалғысы келеді. Ал, бұл сериалда қалай өз дене бітімінді қабылдау жайлы, қалай жұмыс істеу керектігі туралы біраз дүние айтылады», – деді ол сөз соңында.

Айта кетейік, сериалдың түсірілімі жақында аяқталып, көрермен назарына 2022 жылдың соңына қарай ұсынылады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир