|
07.12.2022 | 18:11
6847

Қайғылы Қаңтар: Алматы телеарнасы екінші серияның тизерін ұсынды

«Қайғылы Қантар: Өрт пен Хаос» деректі филімінің екінші сериясы осы бейсенбіде сағат 18:00-де шығады

Қайғылы Қаңтар: Алматы телеарнасы екінші серияның тизерін ұсынды Almaty.tv

Журналистік зерттеу жанрындағы авторлық фильмнің мақсаты – Алматыдағы қаңтар оқиғасына қатысты алып-қашпа әңгімелерді ысырып тастап, жағдайдың қалай болғандығын оқиға хронологиясын қалыпқа келтіру арқылы шындыққа көз жеткізу, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүкіл ел үшін нағыз сынаққа айналған трагедия туралы 5 сериялы фильм эксклюзивті сұхбаттар мен бұрын белгісіз болған фактілерді ұсынады. Ең бастысы, қанды тәртіпсіздіктер мен жан түршігерлік бүлікке әкелген наразылық шерулерінің егжей-тегжейлі хронологиясын жаңғыртады.

Қайғылы қаңтардың бастауында не жатқанын, бандиттердің әкімдік, әуежай мен полиция бөлімін қандай мақсатпен басып алғысы келгенін оқиға орнында болған қатысушылар мен куәгерлер баяндайды. Қаңтардағы бей-берекеттік кімге пайдалы болды және бұл қиын жағдайда ел тұтастығы қалай сақталғанын түсіну үшін журналистер сол кездегі оқиғаларға өзіндік талдау жасады.

Осы бейсенбі 8 желтоқсан сағат 18:00-де «Алматы» телеарнасында, сондай-ақ YouTube арнасында «Қайғылы Қаңтар: Өрт пен Хаос» деректі фильмінің екінші сериясын өткізіп алмаңыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир