|
07.12.2022 | 18:52
1214

Уақытыңызды алған әуекомпаниясын сотқа беріп, өтемақыны төлету керек - Айдос Сарым

SCAT әуекомпаниясының жолаушылары рейстің кейінге шегерілгеніне наразы

Уақытыңызды алған әуекомпаниясын сотқа беріп, өтемақыны төлету керек - Айдос Сарым Almaty.tv

SCAT әуекомпаниясының жолаушылары тағы да діттеген жеріне бірнеше күн кешігіп ұшты. Аталған компанияның клиенттері осы жолы Астанадан Тайландқа кете алмай, рейстің кейінге шегерілгеніне наразы, деп хабарлайды Almaty.tv.


Жақында ғана рейстері кешіктірілген әуе компаниялары билет құнының бағасын жолаушыға өтемақы ретінде қайтарсын деген депутаттар, құқығы тапталған тұтынушыларға ерінбей сотқа жүгінуге кеңес берді.

«Мұндай жағдайда билет құны қанша тұрса да, сотқа жүгіну керек. Себебі уақыт қайтып келмейтін құнды нәрсе. Сондықтан қолыңыздағы құжатпен, сіздің уақытыңызды алған әуекомпаниясын сотқа беріп, өтемақыны төлету керек. Сонда тасымалдаушылар жауапкершілікті сезінеді деп ойлаймын», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым.  

Ал азаматтық авиация комитетінің ақпарына сай, әуе компаниясының кесірінен рейс кешіктірілген жағдайда, ұзақтығына байланысты жолаушылар алкогольсіз сусындармен, ыстық тамақпен, қонақүймен қамтамасыз етілуі керек. Сондай-ақ қонақүйге дейін және кері көлікпен тегін жеткізілуі тиіс. Айта кетейін, шілде айынан бері рейстердің кешігуіне байланысты қазақстандық әуе компаниялары 8 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл - 24 миллион 504 мың теңге.

Бұған дейін SCAT әуекомпаниясының жолаушылары рейстің кейінге шегерілгеніне наразылығын жазған едік.

Өмір Серікбекұлы, Нұрлан Өтегенов, «Алматы» телеарнасы, Астана


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир