|
22.11.2021 | 18:46
1140

«Алматы» телеарнасында «Үкілі үміт» деректі фильмі көрерменге жол тартты

10 бөлімнен тұратын туындыда түрлі оқиға мен оның шешу жолдары көрсетілетін болады

«Алматы» телеарнасында «Үкілі үміт» деректі фильмі көрерменге жол тартты

«Алматы» телеарнасында «Үкілі үміт» атты деректі фильм көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

10 бөлімнен тұратын туындыда отбасы құндылығы мен бүгінгі қоғамдағы тұрмыстық, сондай-ақ жат идеологиялардың бала тәрбиесіне әсері сынды өзекті тақырыптар қозғалады.

Жаңа жоба сонысымен де ерекше. Себебі барлық бөлім бір мәселемен ғана шектелмей, әр сериясында түрлі оқиғалар мен оның шешу жолдары көрсетілетін болады. «Үкілі үміт» деректі фильмі арнамыздан сағат 17:00-де көрсетіледі. 

«Бұл жобаның тағы бір ерекшелігі, әдебиеттанушылар, психологтар, сот мамандары және өзге де өз ісінің шеберлері тығырықтан қалай шығу керек екенін айтып отырады. Яғни, тек проблема қозғалып, қойылым түрінде шешімін табу ғана көрсетілмейді. Ол арнайы мамандардың көзқарасымен басқа адамдарға беріледі», – деді режиссер Айдана Жарқынбек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир