Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
olympic.kz
Ол жұлқа және серпе көтеруден берілген алты мүмкіндікті де сәтті пайдаланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғышқы күнінде-ақ ел қоржыны алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арли Чонтей ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа және серпе көтеруден берілген алты мүмкіндікті де сәтті пайдаланды.
Арли Чонтей жұлқа көтеруден 118 келіні, серпе көтеруде 142 келіні бағындырып, қарсыластарынан оқ бойы озық болды. Қоссайыс қорытындысы бойынша жерлесіміз 260 келіні еңсерді.
Екінші орынға Тайландтан келген спортшы жайғасты. Болгариялық ауыр атлет қола жүлдеге ие болды. Әлем чемпионаты 17 желтоқсанға дейін жалғасады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37