|
13.10.2022 | 08:43
3823

Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасы Черногорияны ірі есеппен ұтты

Осылайша Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде екінші жеңісіне қол жеткізді

Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасы Черногорияны ірі есеппен ұтты news.myseldon.com

Подгорицада футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы өтіп, онда Черногория құрамасы Қазақстан құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы үшін бұл матч тарихи болды, өйткені Черногориямен бұрын ұлттық құрамалар деңгейінде кездескен жоқ.

Кездесу 5:1 есебімен қазақстандықтардың ірі жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасы қатарынан голдарды Лео (11-минут), Эдсон (19), Арнольд Кнауб (29), Альберт Акбаликов (29) және Тайнан (38) соқты, ал Черногория сапынан Филип Маркович (17) мергендік танытты. 

Осылайша Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін қазақстандықтар Словения құрамасын (2:0) жеңген болатын.

Енді 5-топтағы командалардың қазіргі жағдайы келесідей: Қазақстан – 6 ұпай (2 матч), Словения – 3 ұпай (2 матч), Черногория – 0 ұпай (2 матч).

Турнир ережесі бойынша командалар өз алаңында және сырт алаңда бір-бірімен бір матч өткізеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир