Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Әуезов ауданы халқымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Алдыңғы кездесулерде айтқанымдай, 18-емханаға адамдар шамадан тыс көп тіркелген. Осы емхана жүктемесін азайту үшін Мамыр-1 шағынауданында бір ауысымда 200 адамды қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынып жатыр (мердігер ұйым – «Шах» ЖШС). Бүгінде жұмыстардың 35%-ы аяқталды, құрылысты 2023 жылдың I-тоқсанында бітіру жоспарланған", - деді мегаполис басшысы.
Сондай-ақ әкім Қуаныш шағынауданында бір ауысымда 300 адам қабылдайтын № 18 емхананың негізгі ғимаратын салу жұмыстары жүріп жатқанын айтып өтті. Жуырда сатып алу үшін жер учаскесінің бағасы шығады, ендігі мәселе – құнын жердің иесімен келісу.