|
03.02.2022 | 08:54
961

Бейжің-2022: Бүгін Қазақстан сапынан алғаш болып жарысты могулшылар бастайды

Фристайл-могулдан Бейжің Олимпиадасында Қазақстан атынан алты спортшы сынға түседі

Бейжің-2022: Бүгін Қазақстан сапынан алғаш болып жарысты могулшылар бастайды ҰОК

Бүгін Қазақстан сапынан алғаш болып жарысты могулшылар бастайды. Іріктеу сыны ашылу салтанатынан бұрын басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.  

ҰОК мәліметінше, Фристайл-могулдан Қазақстан командасы Қытайда Олимпиада қарсаңындағы жаттығу жұмыстарын өткізді. Спортшылар олимпиадалық трассаны сынақтан өткізіп, бәсекеге тас-түйін дайын.


Бүгін сағат 15:55 (әйелдер) және 17:40 (ерлер) жарысқа шығады.


Айта кетейік, Фристайл-могулдан Бейжің Олимпиадасында Қазақстан атынан алты спортшы сынға түседі. Квота FIS рейтингісіне сай үлестірілді. Олимпиадаға қатысу үшін спортшы топ-30 қатарына еніп, 80-нен аса ұпай жинау қажет.

Қазақстан командасының еншісінде алты жолдама бар. Қысқы ойындарда төрт әйел және екі ер адам бақ сынайды. Атап айтар болсақ, Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаковқа жанкүйер боламыз.

Аталған спорт түрінде 13 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Фристайлшылар додасы 3-19 ақпан аралығына жоспарланған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жарыс
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир