|
25.12.2023 | 08:50
3848

Шавкат Рахмонов туралы анимациялық видео шықты

Онда қазақстандық спортшы оппонентін буындыру әдісімен жеңеді

Шавкат Рахмонов туралы анимациялық видео шықты видеодан алынған кадр

Аралас жекпе-жек тақырыбына арналған мультфильмдер жасаумен айналысатын суретші Моджахед Фудаилат өзінің YouТube-арнасына қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) пен америкалық Стивен Томпсонның (17-7-1) айқасына арналған видео жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Кazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода Рахмонов пен Томпсонның жекпе-жегінің барысы көрсетілген. Онда қазақстандық спортшы оппонентін буындыру әдісімен жеңеді.

UFC президенті Дана Уайт Ш.Рахмоновты жеңісімен құттықтағаннан кейін, ол қазақ тіліндегі жаңылтпаштармен жауап береді.

«Күз, кез, көз, күш, кеш, көш, кір, кер, көр, күл, кел, көл», «Арқада алты арқар бар, қырқада қырық арқар бар», - дейді қазақстандық жекпе-жек шебері.

Кейін UFC президенті Д.Уайт Шавкат Рахмонов чемпион Леон Эдвардспен міндетті түрде жекпе-жек өткізуі тиістігін айтады. Осы кезде Белал Мұхаммад шығып, өзіне мүмкіндік беруді, бұл айқасқа дивизионда тек өзі ғана лайықты екенін айтады. Бұған Д.Уайт оның бетінен жұрыдықпен ұрып жауап береді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир