|
18.06.2021 | 09:06
4820

EURO-2020: Бельгия мен Нидерланды құрамасы плэй-офф кезеңіне шықты

21 маусымда Финляндия мен Бельгия, Дания мен Ресей құрамалары кездеседі

EURO-2020: Бельгия мен Нидерланды құрамасы плэй-офф кезеңіне шықты news.day.az

Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Нидерланды құрамасы Австрияны жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еске салсақ, аталған екі құрама С тобында сынға түседі. Қарсыластары – Украина және Солтүстік Македония. Алғашқы турда Нидерланды Украинадан 3:2 есебімен басым түссе, Австрия Солтүстік Македонияны 3:1 есебімен жеңді.

Бұл топта кеше, 17 маусымда екінші турда Украина Солтүстік Македонияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Екі құрама бұған дейін 19 мәрте кездесті. Оның тоғызында Нидерланды жеңіп, алтауында Австрия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді. Ойынның 11-минутында Австрияға қақпасына белгіленген пенальтиді Мемфс Депай мүлт жіберген жоқ. Ал Дензел Дюмфрис 67-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша Нидерланды қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Бельгия мен Дания құрамалары кездесті. Екі құрама В тобында сынға түседі. Қарсыластары – Ресей және Финляндия. Алғашқы турда Бельгия Ресейден 3:0 есебімен басым түссе, Дания Финляндияға 0:1 есебімен есе жіберді. Алдымен даниялық Юссуф Поульсен 2-минутта есеп ашты. Екінші кезеңде Бельгия құрамасы алдымен таразы басын теңестіруге ұмтылды. Нәтижесінде 54-минутта Торган Азар мергендік танытса, Кевин Де Брёйне 70-минутта өз құрамасын алға шығарды. Бұл топта үшінші тур ойындары 21 маусымда өткізіледі. Бұл күні Финляндия мен Бельгия, Дания мен Ресей құрамалары шеберлік байқасады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир