Олар «бір бокс кешінде жұдырықтасқан ең көп бауырлар» ретінде рекорд тіркеді
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес 6 інісімен Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Канело» мен оның 6 бауыры Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілдерінен сертификат алды. Олар «бір бокс кешінде жұдырықтасқан ең көп бауырлар» ретінде рекорд тіркеді. Әңгіме 2008 жылы Сапопандағы бокс кеші туралы болып отыр. Сол кезде рингке жеті Альварес шықты: Сауль Альварес (58-2-2, 39 КО), Ригоберто Альварес (27-4, 20 КО), Рамон Альварес (29-8-3, 16 КО), Рикардо Альварес (24-3-3, 14 КО), Гонсало Альварес (0-1), Даниэль Альварес (0-1) және Виктор Альварес (0-2).
Айта кетейік, «Канело» алдағы келесі айқасын аталған Сапопанда өткізеді. Ол британиялық Джон Райдерге (32-5, 18 КО) қарсы шығады. Жеңімпаз супер орта салмақтағы барлық әлем чемпионы белбеулерін иеленеді. Дивизионның қазіргі абсолютті чемпионы - «Канело». Оның осыған дейінгі жекпе-жегіне келер болсақ, 2022 жылдың қыркүйегінде ол төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен басым түскен болатын (42-2-1, 37 КО).
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!