Путинцева Торонто турнирінің ширек финалында
tengrinews.kz
Ширек финалда отандасымыз WTA рейтингінде 7-орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен кездеседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 46-орын) Торонто турнирінің 1/8 финалында америкалық Алисон Рискпен (35-орын) кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Путинцева екі сетте де (6:3, 7:5) қарсыласынан басым түсіп, ширек финалға шықты. Екінші сетте 2:5 есебімен жеңіліп жатып, жеңісті жұлып алды.
Ширек финалда отандасымыз WTA рейтингінде 7-орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Юлия турнир барысында канадалық Катерина Себовты, одан кейін әлемнің үшінші ракеткасы, испандық Пауло Бадосаны жеңген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
28.11.2026 15:18
Алматыда 30 қараша мен 6 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады
28.11.2026 09:17
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
28.11.2026 12:55
Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз: 28 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
28.11.2026 10:18
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
28.11.2026 14:19