Аргентина құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттарының рекордын орнатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Лионель Месси Аргентина – Хорватия матчының үздік ойыншысы атанды.
Месси бірінші таймда 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындаса, екінші кезеңде Хулиан Альвареске нәтижелі пас берді.
Осылайша, 35 жастағы ойыншы әлем чемпионаттарында соққан гол санын 11-ге, пас санын 9-ға жеткізді. Бұл көрсеткіш жөнінен ол Мирослав Клозе (16 гол + 3 пас), Роналдо (15 гол + 4 пас), Герд Мюллер (14 гол + 5 пас) және Пеледен (12 гол + 7 пас) асып түсті.
Финалға шыққан Аргентина құрамасы 15 желтоқсанға қараған түні алаңға шығатын Франция – Марокко матчының жеңімпазымен алтын жүлдені сарапқа салады.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!